Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қоғам өкілдері!

 

Білім беру саласы қызметкерлеріне өз алғысымды айта отырып, қазіргі жаһандану кезеңінде білім беруге бүкіл әлемде жоғары көңіл бөлініп отырғанын айтқым келеді. Сөз оқыту стандартының ұдайы жоғарылауы туралы ғана емес, сонымен қатар ең басты мәселе – біздің Қазақстанның игілікті болашағы үшін қоғам, мектеп және отбасының өзара бірлесіп жасаған іс-әрекеті, жас ұрпақтың бойына жоғары моральдық құндылықтарды сіңіру, патриоттық тәрбие беру жайында болып отыр. Білім беру саласының қызметкерлері үшін бұл жағдайдың маңызы өте зор. Бүгін біз педагогтар мен ата-аналар қауымдастығы арасындағы байланысты жоғары сапаға бағыттауға тиіспіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауында көрсетілген және Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, білім жүйесінде болып жатқан өзекті мәселелерді шешуге және жаңаша білім беруді ұйымдастыруымыз қажет.

Қазіргі жағдайда әрбір отбасына мектептен жүйелі және білікті көмек керектігін ұстаздар қауымы түсінеді деп білемін. Бұл мәселені ұстаздар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі үрдісінде ғана табысты шешуге болады.

2011-2012 оқу жылында білім беруде табысты еңбек етудің негізі мына бағытта болуы керек:

Білім берудің ұтымды және серпінділігі жағдайында жаңашыл ойлар, болып жатқан өзгерістердің бәрін қабылдай білу – әлеуметтік белсенді тұлға, республика азаматы, әлем адамы тұрғысынан қажет болып отыр.

Облыстың педагогикалық қауымдастығы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда белгіленген мәселелерді лайықты шешеді деп сенемін.

Жаңа оқу жылы жаңа табыстар, шабыт пен қуаныш әкелсін. Мектеп, отбасы және қоғамның біріге жасаған қызметтері нәтижелі қорытынды береді деп үміттенемін.

Жаңалықтар