Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi туралы

 

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлiк бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 137-құжат).

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының Президентi                                                       Н.Ә.Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi...................... Скачать

Разделы меню