2010-2011 оқу жылында жалпы білім беру пәндер бойынша
облыстық оқушылар олимиадасынь ұйымдастыру және өткізу туралы
“2010-2011 оқу жылында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиада өткізу туралы” ҚР БжҒМ 2010 жылғы 8 қарашадағы № 520 бұйрығы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. 2011 жылғы 15-16 наурызда 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен 14 жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы өткізілсін.
2.Бекітілсін қосымша берілген:
- облыстық олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу бойынша ұйымдастырушы комитет құрамы;
- облыстық олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге байланысты тапсырмалар тізімі;
- облыстық олимпиаданы өткізу жоспары;
3.Петропавл қаласы білім бөлімінің, “ЛОРД” дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицейінің басшылары (А.Ш. Мұсырман, К.А. Рыб) №8 ОМ, №17 ОМ (14 оқу пәні), облыстық “ЛОРД” лицейінің (информатика) базасында пәндік олимпиада өткізу үшін жағдай жасасын.
4.Аудандық және Петропавл қалалық білім бөлімінің бастықтары:
- СҚ ПКБА ҚДИ ү.ж. 1наурызға дейін бекітілген форма бойынша қатысу өтінімдері жіберсін;
- Петропавл қаласы мектеп базасында өтетін облыстық олимпиада қатысушыларының уақытылы келуін қамтамасыз етсін (келу күні-ү.ж. 14 наурызда, кету күні-17 наурыз);
- Команда жетекшілеріне іссапар шығынын уақытылы төлесін, олимпиада қатысушыларының өмірі мен денсаулығына жауапкершілік жүктелсін.
5.СҚ ПКБА ҚДИ (А.Қ. Қарабатырова):
- СҚ ПКБА ҚДИ оқытушылар құрамынан пәндік комиссия құрылсын және пәндік комиссия жұмысы үшін профессор-оқытушылық құрамынан кандидаттар М. Қозыбаев атындағы СҚМУ басшыларымен келісілсін.
- пәндік конкурстар үшін институт қызметкерлері бекітілсін;
- 2011 жылғы 1 наурызға дейін оқушылардың облыстық олимпиадасын уақытылы қаржыландыру қамтамасыз етілсін;
- олимпиаданы өткізу орындарында және қатысушылардың тұру орындарында кезекшілік ұымдастырылсын;
- олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау үшін дипломдар дайындалсын;
- облысқа “Дарын” Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан олимпиада тапсырмалары уақытылы алынсын;
- ү.ж. 1-7 сәуір аралығындағы Республикалық олимпиадаға қатысу үшін облыстық олимпиада жеңімпаздарын дайындау бойынша олимпиадалық резерв мектептерінің жұмысы ұйымдастырылсын;
6.Облыстық жасөспірімдер мен балалар шығармашылығының орталығы (Новик В.Ф.):
- ү.ж. 17 наурызы облыстық олимпиаданың жабылуына арналған шара ұйымдастырылсын;
- олимпиада қатысушыларының орналасу орындарында демалыс кештерін ұйымдастырылсын.
7.Дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық орталығы (Д.К. Шакенов.): олимпиадаға қатысушыларды өткізілетін және орналасқан орындарына уақытымен тасымалдауын ұйымдастырсын.
8.№1, №2 коррекциялық мектеп-интернаттарының басшылары (Шарипова К.О., Хованский Н.П.): облыстық олимпиада қатысушыларының тамақтануы мен орналасуына жағдай жасасын.
9.Петропавл қаласының білім бөлімінің, ата-ананың қамқорынсыз қалған және жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының, облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернатының, Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының, №2 арнайы мектеп-интернатының, Отбасы үлігісіндегі балалар ауылының басшылары (Мұсырман А.Ш., Какпенов Р.Ж., Тәжин Ж.У., Қарабатырова А.Қ., Хованский Н.П., Әкімжанов А.М.) бекітілген кесте бойынша облыстық олимпиада қатысушыларына қызмет ету үшін «Газель» автокөліктерін берсін.
10. Ұйымдастырушы комитет мүшелері бекітілген тапсырмаларын мерзімде орындалуын қамтамасыз етсін.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім басқармасы бастығының орынбасары Ш. Кариноваға жүктелсін.
Бастық О. Қаппасов
Білім басқармасының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2012 оқу жылында жалпы
білім беретін пәндер бойынша облыстық оқушылар олимпиадасын ұйымдастыру
және өткізу туралы» № 738 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы «2011-2012 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар өткізу туралы» № 500 бұйрығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» № 555 бұйрығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1.Білім басқармасының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2012 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық оқушылар олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізу туралы» № 738 бұйрығына келесі өзгертулер енгізілсін:
1 тармақ келесі оқылымда баяндалсын:
«1. 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен 2012 жылғы 27-28 қаңтар күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық оқушылар олимпиадасы өткізілсін.»;
4 тармақтың тармақшасы келесі оқылымда баяндалсын:
« - Петропавл қаласында өтетін облыстық олимпиадаға оқушылардың уақытында келуі қамтамасыз етілсін (келу күні – 26 қаңтар, кету күні – 29 қаңтар);»;
9 тармақ келесі оқылымда баяндалсын:
«9. А.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының директоры (Г. Түкенова) облыстық олимпиада қатысушыларын орналастыру мен тамақтандыру үшін қажетті жағдайын қамтамасыз етсін.»
2. Берілген бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма бастығының орынбасары Ш. Т. Кариноваға жүктелсін.
Разделы меню