ТАМ

22

Жаңалықтар

«Отбасы, мектеп, қоғамның – игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы»

«Отбасы, мектеп, қоғамның – игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» атты Солтүстік Қазақстан облысының білім қызметкерлері кеңесінің баспасөз хабарламасы

2011 жылдың 17 тамызында Петропавл қ. балалар және жасөспірімдердің шығармашылығының облыстық Орталығының кең залында облыстың білім қызметкерлерінің «Отбасы, мектеп, қоғамның – игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбында кеңесі өтті.
Кеңесте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С. Біләлов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.И. Полищук, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім Департаменті директорының орынбасары Ф.Н. Жақыпова, білім мекемелерінің басшылары мен мұғалімдері, білім бөлімдерінің бастықтары, білім мекемелерінің қамқоршылық кеңестерінің, ата-аналар қоғамының, үкіметтік емес ұйымдарының, БАҚ және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты. Барлығы 530 адам.
Конференцияға ON-line режимінде облыстың 83 мектебінен 5 мың адам қатысты.
Кеңесте жас мамандарды, педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтады. Облыс әкімі жас мамандарға көтермеақы, ардагерлерге білім жүйесінде көпжылдық еңбектері үшін бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар тапсырды.
Балаларға жалпы және қосымша білім берудің бірізділігі, мектепте оқу-тәрбиелеу қызметіндегі қамқоршылық кеңесінің рөлдері, балабақшалардың мәселелері, балалар мен жастардың жеке және кәсіптік маңызды қасиеттері, отбасылық тәрбиесінің маңыздылығы, қазақстандық отаншылдығының, жоғары мәдениеттің, тәрбиесі, төзімділігі, «діни байытудың» кепілдері сияқты еркіндікке құрметі, мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру сұрақтары кеңесі қатысушылардың қарастырған тақырыптары болды. М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры О.Б. Әшімов өзінің сөз сөйлеуінде үздіксіз білім алу бағыттарын жүзеге асыру бойынша университеттің қызметін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім Департаменті директорының орынбасары Ф.Н. Жақыпова негізгі жетістіктері және соңғы 5 жыл ішіндегі білім саласы қызметінің нәтижелері, қазақстандық мектептердің мәселелері, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқуды дамыту сұрақтарын, дарынды балалармен жұмыс істеу, инклюзивтік білімді, үштілдікті енгізу, тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктеріне тоқталды. 2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасы білімін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысында жоғары, кәсіптік және техникалық, орта, мектепке дейінгі дамытудың негізгі бағыттары айқындалды. мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру және мұғалім мәртебесін нақты арттыру бойынша Министрлікпен қолданған шараларға ерекше көңіл бөлінеді.
Облыстың 32 үздік мұғалім облыс әкімінің 50,0 мың.теңге мөлшерде сыйақыларымен марапатталды. 3 білім мекемелерінің директорларына автокөліктің кілттері Ақжар ауданының № 6 кәсіптік лицейіне («Газель»), Аққайың ауданының психолого-педагогикалық түзету кабинетіне («ВАЗ 2107»), Ақжар ауданының психолого-педагогикалық түзету кабинетіне («ВАЗ 2107») берілді.
Сонымен қатар, жеке мұғалімдер Ы. Алтынсарин және «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері» төс белгілерімен, спортты дамытқан үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің күміс белгілерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының Құрмет грамоталары мен марапатталды.

Календарь событий

пнвтсрчтптсбвс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829