МАМ

11

Жаңалықтар

Кәсіби лицейлер мен колледж оқушыларының облыстық слеті

«Менің болашақ мамандығым» тақырыпты техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесінің кәсіптік лицейлер мен колледждерінің
және жалпы білімдік мектептердің оқушыларының облыстық слеті

2011ж. сәуірдің 27 облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының мәдени орталығында жыл сайынғы «Менің болашақ мамандығым» тақырыпты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің кәсіптік лицейлер мен колледждерінің және жалпы білімдік мектептердің оқушыларының облыстық слеті (бұдан әрі слет) өтті. Оған облыс және қала кәсіптік лицейлері мен колледждерінің (М.Жұмабаев ат. гуманитарлық колледж, Теміржол көлігінің колледжі, Құрылыс-экономикалық колледжі, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, Өнер колледжі, Медициналық колледж, Гуманитарлық-техникалық колледж, Солтүстік Қазақстан Университетінің колледжі, Экономика және юриспруденция колледжі, Көппрофилді колледж, Ж.Қизатов ат. Есіл ауылшаруашылық колледжі, 1,2,4,5,7,9,11,13,15 лицейлер) оқушылары қатысты.

Слеттің мақсаттары мен міндеттері:
- техникалық және қызмет көрсету еңбектің мамандықтарының насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмысты жүргізу;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қоғамдық пікір қалыптастыру;
- экономиканың болашақ қажеттілігін еңбек қорымен қамтамасыз ету және оның қолжетімділігі.

Слетке қатысушылар: оқушылар агитбригадалары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 3 өкілі: директор, орынбасарлары. Әр кәсіптік лицей мен колледж бекітілген жалпы білімдік мектептерден 10 оқушы шақырды. Сайыс келесі кезеңдерден құрылды:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдаудың типтік ережелерімен танысу, оқитындар үшін берілетін кепілдіктер және т.б.
2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 7 – 10 оқушыдан тұратын агитбригадаларының «Менің болашақ мамандығым» тақырыпты көрсетілімдері, мультимедиалық аппаратураны пайдаланып.
3. Жалпы білімдік мектептер оқушыларына өзінің кәсіптік лицейі немесе колледжі туралы кәсіптік бағдарлау материалдарын (стендтер, буклеттер, прайс-парақтар, шақырулар және т.б.) ұсыну. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мектептермен өзара телефондарымен алмасу.

Слет жеңімпаздары мен қатысушылар слет кезеңдеріне сәйкес номинациялар бойынша грамоталармен және сертификаттармен марапатталды. Келесі оқу мекемелерінің агитбригадаларының көрсетілімдері грамоталармен аталды: М.Жұмабаев ат. гуманитарлық колледж, Құрылыс-экономикалық колледжі, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, Петропавл қ. 1, Ғ.Мүсрепов ауданының 11, Қызылжар ауданының 13 лицейлері.

Календарь событий

пнвтсрчтптсбвс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829