ҚАН
10
Петропавл темір жол көлігі колледжі
|
|
Петропавл темір жол |
Кәсіптік және әлеуметтік біліктің жоғары деңгейіне ие кадрларды дайындау мақсатында қазіргі технологияларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын іске асыратын техникалық және кәсіптік оқу орны.
Педагог қызметкерлердің шығармашылығын дамыту және оқушылардың қабілеттерін ашу үшін жағымды жағдай жасалған оқу орны.
«Петропавл темір жол көлігі техникумы ұйымдастырылсын. Техникумның бастығы болып Забабурин Михаил Васильевич тағайындалсын»
Қатынас жолдары халық комиссариаты А.А.Андреев
Қатынас жолдары халық комиссариатының бұйрығы бойынша 1930 жылы Политехникалық темір жол техникумы ашылып, екі темір жол мамандығы: «Тартымдық шаруашылық», «Темір жолдарды пайдалану» бойынша кадрларды дайындауды жүзеге асыра бастады.Оқу орны 1962 жылы екінші рет өмірге келді, осы жылы локомотив машинистері техникалық мектебінің негізінде темір жол көлігі техникумы ұйымдастырылды. Қызмет еткен жылдары колледж 12 мыңнан астам маман дайындады.

2000 жылдан бастап колледжді өндірістік оқыту шеберінен бастап колледждің бірінші басшысына дейінгі жолдан өткен оның түлегі Шатковский Михаил Леонидович, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық көлік академиясының академигі басқарады. Білім беру саласындағы еңбегі үшін М.Шатковскийге «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілді, ол «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталды.
Колледждің стратегиялық мақсаты - техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларының дайындық сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ Петропавл темір жол көлігі колледжінде білім алудың мәртебесін өсіру.
Мамандарды сапалы дайындаудың негізгі құрамды бөліктері: оқытушылардың сандық және сапалық құрамы; материалдық-техникалық база; ақпараттық технологияларды енгізу; әлеуметтік серіктермен өзара қызметтің нысандары мен әдістерін дамыту.
Колледждің басты байлығы – кадрлары.

Оқытушылардың біліктілігі, жоғары білігі және үлкен жұмыс өтілі жас буынға сапалы білім беруге мүмкіндік береді.

Колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп келеді. Зертханаларды жабдықтауда айтарлықтай көмекті әлеуметтік серіктер көрсетеді. Оқу кабинеттері мен зертханалар (48), шеберхана цехтары (6) барлық мамандықтар бойынша мамандарды сапалы дайындауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жаңа мамандықтардың ашылуына және дамуына байланысты жаңа зертханалар құрылып, олар кәсіптің қыр-сырын мейілінше жақсы игеруге мүмкіндік беруде, атап айтсақ: «Автомобильдер, тракторлар мен жол машиналары», «Авто-құю стансалары, газ құю стансалары және мұнай қоймалары».


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова және Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі С.Біләловтың колледжге келген сапарында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде мамандарды табысты дайындауға мүмкіндік беретін оқу-материалдық база аталып өтті.

Мамандарды дайындаудың сапасын жетілдіру мақсатында ақпараттық технологиялар зертханасы және үш оқу корпусы мен 90-нан астам компьютерді қамтитын жергілікті желі құрылды.
Қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық құрылым
Колледж түлектерінің негізгі тұтынушылары Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің салалық желілік кәсіпорындары, «Қазақстан темір жолы» ҰК, Петропавл қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері болып табылады. Түлектерді жұмысқа орналастыру 70%-ды құрайды.
2010-2011 оқу жылында барлық мамандықтардың бітіруші топтары оқушыларының кәсіптік дайындығы мен біліктілік берілуінің деңгейін тәуелсіз бағалау өтті. 439 түлек сертификаттар алды, бұл 95,9 %-ды құрады. Колледж Ресей Федерациясының кәсіптік білім ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырды. 2011 жылғы ақпанда колледж директоры М.Л.Шатковский, оқытушылары Зауралье көліктік білімінің 85 жылдығына және Орал қатынас жолдары университетінің 55 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Толық мәжілісте баяндамалар жасалды. Колледжде «Алғыс» әскери-патриоттық клубы құрылған және тиімді қызмет етіп келеді. Жыл сайын біздің колледждің оқушылары Новгород облысына 2 Соққы беретін әскердің шайқастары өткен жерлерге бара отырып, Естелік Вахтасына қатысады. Онда қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің мүрделерін қайта жерлеу бойынша іздеу жұмыстарымен айналысады. Бұл жұмыс «Долина» патриоттық акциясына сәйкес жүргізіледі.

Петропавл темір жол көлігі колледжі 2010-2011 оқу жылында үш мамандық бойынша оқу, оқу-әдістемелік әдебиетті сынау өткізілгендігін растайтын Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығының сертификатына ие.
2011 жылғы желтоқсанда колледж «Білім ұясы» ІІІ республикалық конкурсының «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» номинациясына қатысып, онда «Темір жол көлігі» саласының мамандарын дайындаудың үздігі» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті Дипломымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Петропавл темір жол көлігі колледжінің педагогикалық ұжымына ерен еңбектері үшін» Алғыс хатымен марапатталды

| пн | вт | ср | чт | пт | сб | вс |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 |