Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ақпарат
Балалар өмірінің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 12 наурызда Балаларды қорғау және баланы шетелдіқ асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияны ратификациялады, мұның нәтижесінде балалар саудасын және өзге де теріс пайдаланушылықтарды болдырмау үшін Уағдаласушы мемлекеттер арасында ынтымақтастық жүйесі құрылып, шетелдіқ азаматтар асырап алған қазақстадық балаларға бақылау жасау қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкімеиінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №893 қаулысымен Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қаоған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидасы және оны төлеу мөлшері бекітілді.
Бұдан басқа, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж ден танылған және 29 жасқа дейін есепке алынған жетім балалар мне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй алған дейін есептен шығарылуға жатпайды.
Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауында.
Разделы меню