Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша он-лайн режимінде өткен семинардың ұсынымдары
Облыстарың,Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, қалалық , аудандық бідім бөлімдер:
- балалардың құқықтарын қорғау мамандары, әлеуметтік педагогтер, психологтар, КТБО қызметкелері үшін оқытуды, практикалық семинар-тренингтерді өткізуді, сондай-ақ біліктілікті арттыру институттарының негізінде олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
- ата-аналар қауымдастығымен кәмелетке толмағандар арасында қараусыздық пен қадағалаусыздықтың, әлеумуттік жетімдіктің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, өз балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын қолайсыз отсыларға әлеуметтік патронаж жасауды қамтамасыз етсін;
- мүдделі органдар мен мекемелерді кәмелетке толмағандардың қараусыздығы, қадағалаусыздығы, құқықбұзушылықтары және қоғамға қарсы әрекеттері, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы уақытылы ақпараттындырсын;
- кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына қиын өмірлік жағдыйдан шығуға көмек көрсетуде КТБО-лардың басқа органдармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етсін;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамыту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. Әлеуметтік әріптестікті дамыту, қолыйсыз отбасылармен және балалармен жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды тарту бағдарламасын әзірлесін;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының тарапынан лаузымдық міндеттердің орындауын және балаларды отбасына орналастыру мәселелерінде аталған ұйымдар тәрбиеленушілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша уақытылы шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін;
- «Әр балаға – берік отбасы» әлеуметтік жетімдіктің профилактикасына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарының іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырсын;
- облыстық біліктілікті арттыру институттарына Қабылдаушы ата-аналардың мектептерін, отбасыны қолдау қызметтерін ұйымдастыру бойынша лекциялар, семинарлар, практикалық жаттығулар, тренингтер -бағдарламаларын және ақпараттық-ұсынымдық материалдардың топтамасын әзірлеу тапсырылсын;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйлерін сақтау және ұсыну бойынша жұмысты жүргізсін;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернаттық мекемелерде тұру жағдыйларынан отбасылық нысандарға аустыру бойынша жүйелі жұмысты жүргізсін. Қандай да бір себептер бойынша отбасына орналаса алмайтын балалар үшін неғұрлым жоғары, яғги отбасына жақындатылған жағдайларды жасасын;
- жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы есепке алуды, аталған санаттағы балалардың әлеуметтік мәртебесін (ата-аналардың ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру, оларды хабар-ошарсыз кетті деп тану және т.с.с.) анықтау бойынша жұмысты тұрақты жүргізу;
- бұқаралық ақпарат құралдарын, веб-сайттарды неке артықшылықтарын, отбасылық дәстүрлер, көпбалалы отбасы құндылықтарын насихаттайтын барыша әлеуметтік жарнамамен қамтамасыз ету үшін пайдалану;
- қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, құқыққорғау органдары мен прокуратураның отбасыны нығайту, оның ішінде проблемалы отбасына көмек көрсету және бала үшін туған отбасыны барынша сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі өзара әрекеттесуін жақсарту.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің директорлары, әлеуметтік педагогтары, психологтары:
- тәрбиеленушілерге арнаулы әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, құқықтық қызметтерді ұсынудың тиімділігін және сапасынарттыруды қамтамасыз етсін;
- балалар мен бітірушілерге, балаларды демалысқа, каникулдарға алатын және отбасылық өмірге үйренуге, отбасының жақсы тұрмысын, олардың мүшелерінің өзара қарым-қатынасын көруге мүмкіндіқ беретін шақырушыларға, қабылдаушы отбасыларға қамқоршыларды іздестіру бойынша жұмысты жандандыру;
- мекемеден кету даяр тұрған балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнаулы әлеуметтік психологиялық және құқықтық қызметтерді ұсынуды дамыту (үй шаруашылығын жүргізу білу, өз-өзіне өз бетінше қызмет көрсету, үйде қолайлы ахуал қалыптастру, түрлі инфрақұрылымдарды пайдалану, экономикалық тәртіп нышандарын үйрету, бітірушілерді өз жанұясы мен отбасылық өмірін қалыптастыруға дайындау, болашақ өмірі үшін жадынамалармен (қажетті құжаттардың тізімі, үйге күтім жасау, бюджетті жоспарлау және т.б.) қамтамасыз ету);
- мемлекеттік органдармен бірлесіп, тәрбиеленушілердің тұрғын үй-жайларын анықтау және бекіту, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке уақытылы қою, тұрғын үйлері мен зейнетақы аударымдарының, асырушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылардың сақталуы, олардың уақытылы ресімделуі жөніндегі уақытылы және тиімді жұмысты жүргізу.
Разделы меню