2011 жылы ұлттык бірыңғай тестілеуді
өткізуді ұйымдастыру туралы

Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын icкe асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бакылаудың, оларды аралык және қорытынды аттестаттау жургізудің үлгі ережесінің 11-тармағына, сондай-ақ «Ұлттық біріңғай тестілеуді өткізу технологиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің  2008 жылгы 9 сәуірдегі № 179 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің (бұдан әрі - Министрлік) және апелляциялық комиссиялар төрағаларының тізімі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Министрлік программисттерінің тізімі;
3) осы бұйрықтың 3-косымшасына сәйкес 2011 жылғы 3-11 маусым аралығында ҰБТ-ны уйлестіру және өткізу жөніндегі республикалық штабтың құрамы бекітілсін.

2. Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссиялардың төрағалары:

а) Ұлттық бірыңгай тестілеуді (бұдан әpi - ҰБТ) ұйымдастыруга және өткізуге, сондай-ақ апелляциялық комиссия жұмысының объективтілігін сақтауга басшылықты және бақылауды  жүзеге асырсын;
б) ҰБТ-ы технологиясының сақталуын қамтамасыз етсін;
в) 2011 жылгы 15 маусымға дейін ҰБТ-ны өткізу қорытындылары туралы eceптi Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) тапсырсын.

3. Мемлекеттік комиссиялардың төрағалары:

а) ҰБТ-ны ұйымдастырсын және өткізсін;
б) ҰБТ-ның нәтижелерімен келіспеген бітірушілердің шағымдарын қарау кезінде апелляциялык комиссияның жұмысы үшін жағдай жасасын, сондай-ак ҰБТ-ы технологиясының сақталуын қамтамасыз етсін;
в) ҰБТ-дан өткен бітірушілерге құжатттарын уақытында беруді қамтамасыз етсін;
г) 2011 жылғы 15 маусымға дейін ҰБТ-ны өткізу жөніндегі қорытынды eceптi Комитетке тапсырсын.

 4. Жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстардың, Астана және Алматы калаларының білім басқармаларының бастықтары Министрлік өкілі ретінде қатысатын қызметкерлердің Астана қаласына уакытында келуін камтамасыз етсін.

5. Комитет (М.Ә. Бектемесов) Ұлттык тестілеу орталығымен бірлесіп Министрлік өкілдерін, апелляциялық  комиссиялардың төрағалары мен Министрлік программистерін ҰБТ-ны өткізу пункттеріне бөлуді ұйымдастырсын және тестілеу пункттері бойынша бөлінген Министрлік өкілдерінің тізімін ағымдагы жылғы 31 мамырға дейін бекітуге ұсынсын.

6. Ұлттык тестілеу орталығы (К.С. Әбдиев):

а) Министрлік өкілдерін, апелляциялық комиссиялардың төрағалары мен Министрлік программистерін ҰБТ-ны өткізу пункттеріне жөнелтуді  ұйымдастырсын;
б) оларға iccanap шығыстарын 033 «К,азакстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау және білім сапасын сырттай бағалауды жургізу» республикалык бюджеттік бағдарламасының шеңберінде төлеуді камтамасыз етсін.

7. Облыстардьң, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының бастықтары ҰБТ-ны уйлестіру және өткізу жөніндегі штабты 2011 жьлғы 3-11 маусым аралығына құрсын және 2011 жылғы 15 маусымға дейін Комитетке-ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті тапсырсын.

8. Осы бұйрықтың орындалуын бакылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевке жуктелсін.

9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Министр                                                              Б. Жумагулов

Разделы меню