Жалпы орта білім мекемелерінде
2011-2012 оқу жылының басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» Заңының 5 бабының 14 тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 27 сәуіріндегі № 163 бұйығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Аудандық, Петропавл қалалық білім бөлімдерінің бастықтары:
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 27 сәуіріндегі № 163 «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім мекемелерінде 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығын барлық жалпы орта білім мекемелеріне жеткізсін;
-жалпы орта білім мекемелерінде оқу-тәрбие процессін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін нормативті құжаттардың әр мекемеде болуын қамтамасыз етсін;
-Қазақстан Республикасы Егемендігінің 20-жылдығына арналған 2011 жылдың 1 қыркүйегінде «Тәуелсіз Қазақстан: 20 жыл бейбітшілік, келісім мен құру» тақырыбында сабақты дайындауды бақылауға алсын;
-Қазақстан Республикасы Егемендігінің 20-жылдығына және Білім күніне арналған мемлекет басшысымен Премьер-Министрдің интерактивті сабақтарын педагогтар мен оқушылардың қарауын ұйымдастырсын,
2.ҚР БҒМ 2011 ж. 21.02. № 68 бұйрығымен бекітілген, 2011-2012 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген, сонымен қатар қорландыру циклы бойынша оқу баспасының тізіміне сәйкес, мектеп алды топтары үшін ОӘК, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша, 4, 6, 11 сыныптарға жаңа ұрпақ оқулықтарымен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары 90 % қамтамасыз етілсін.
3.Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директорының м.а.:
-«Тәуелсіз Қазақстан: 20 жыл бейбітшілік, келісім мен құру» тақырыбында сабақты және Білім күн дайындау және өткізу бойынша жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер мен жетекшілерге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулықтар құрсын.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім басқармасының бөлім бастығы К.Ә.Қалғожинаға жүктелсін.
Бастықтың м.а. Ш.Каринова
Разделы меню