2011 жыл бойынша "Балапан" бағдарламасын іске асыру туралы
ақпарат

 

2010-2014 жылдарға «Балапан» балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту бойынша 2011 жылға Солтүстік Қазақстан облысындағы іс-шаралар жоспары әзірленген.

2011 жылы 3076 орын ашылды, оның ішінде М. Жұмабаев ауданының Қарағоға ауылында 75 орынға 1 балабақша, Айыртау ауданының Қүспек аулында 37 орынға балабақша ашылды; тайынша қаласында және Бескол ауылында 280 орынды балабақшалар құрылысы аяқтадлып ашылды, тай    ынша аудан Вишнека селосында 20 орынды балабақша, Есіл ауданы Покровка селосында 90 орынды, шал ақын ауданында Қорғантас ауылында 25 орынды балабақшалар ашылды. Петропавл қаласында бұрынеғы балабақша ғимараты қайтарылып «Батыр» балабақшасы 310 орынға ашылды. 274 орынға жалпы білім беретін мектептер жанындағы мектептерде 18 шағын орталық ашылды. Істегі мекемелердегі 1685 орынға кеңейтілді
Облыс аудандарында барлық жоспарланған шаралар толық көлемде орындалды.

Петропавл қаласы бойынша күрделі мәселенің бірі мектепке дейінгі орындардың ашылуы.

Қалалық білім бөлімінің мәліметтері бойынша 2011 жылға жоспарланған 1643 орынның тек 494 орын ашылды, қала бойынша мектепке дейінгі мекемелерге кезек 8 мыңнан астам сұраныс тіркелген.

2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облыстың мектепке дейінгі мекемелердің желісі 564 құрайды. Соның ішінде 70 балабақша, 2 - «Мектеп-балабақша» кешені және 492 шағын орталық. Онда 21521 бала тәрбие алады. Балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту 77% құрайды.

Облыстың мектепке дейінгі мекемелері педагогикалық кадрлармен қамтылған. Республикалық бюджеттен мектепке дейінгі мекемелердің педагог кадрларын қайта даярлау үшін 36 млн.теңге бөлінді. Осыған байланысты білім басқармасы М. Жұмабаев атындағы Гуманитарлық колледжінің негізінде кадрларды қайта даярлауды ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың мамырынан бастап қазанға айына дейін мектепке дейінгі мекемелердегі 882 педагог қайта даярланды.

2012 жылы «Балапан» бағдарламасының іске асыру жұмыстары әрі қарай жалғастырылады.

 

2011-2015 жылдардан мектепке дейінгі білім беру объектілерді

енгізудің қадамдық жоспары................................................................................ Скачать

 

Сеть дошкольных учреждений по состоянию на 1 января 2012 года.......................... Скачать

 

Сведения о введенных дошкольных организациях области за 2011 год...................... Скачать

Разделы меню