Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 21 ақпандағы № 68 бұйрық
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
білім беру ұйымдарында
2011-2012 оқу жылында қолдануға
рұқсат еткен оқу басылымдарының
тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын 2011-2012 оқу жылында оқу әдебиеттерімен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен қазақ, орыс, ұйғыр және өзбек тілдеріндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесі;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен қосымша оқу әдебиетінің және сыныптан тыс оқуға арналған әдебиет тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу әдебиетінің тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен электрондық басылымдар тізбесі;
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу әдебиетінің тізбесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бастықтарының назарына жеткізсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары 2011-2012 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат еткен оқулық басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
Министр Б. Жұмағұлов
|
Перечень учебников и учебно-методических комплексов
|
Скачать |
|
Перечень дополнительной учебной литературы и литературы для
|
Скачать |
|
ПЕРЕЧЕНЬ учебной литературы, разрешенной к использованию
|
Скачать |
|
ПЕРЕЧЕНЬ образовательных электронных изданий, разрешенных
|
Скачать |
| ПЕРЕЧЕНЬ учебной литературы для специальных (коррекционных) школ, разрешенной к использованию в 2011-2012 учебном году |
Скачать |
Разделы меню