2012 жылы облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай
бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің а.ж. 7 қарашадағы №460 «2012 жылы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Петропавл қаласының және аудандық білім бөлімдерінің бастықтары, облыстық білім мекемелерінің директорлары Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бастығы К. Қалғожинаға жүктелсін.
Бастықтың м. а. Ш. Каринова
Іс шаралар жоспары...................................................................................... Скачать
Разделы меню